Өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – отбасының, қоғам мен мемлекеттің басты міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларға қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар шара қабылдануда. 2021 жылдан бастап қосымша білім беру мемлекет тарапынан қаржыландырылып келеді. Осы бастама аясында бір жарым млн-нан астам оқушы шығармашылық үйірмелерге, спорт секцияларына және дамытуға бағытталған сабақтарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ баспасөз конференциясында осылай деді.
https://www.facebook.com/AkimatZhualy