БАЛАҚАЙЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕЙРАМЫ БАСТАЛДЫ.

Бүгін Шу қаласындағы «Құралай» мейрамханасында «Ерікті аналардың» қайырымдылық шыршасы өтті. Кішкентай бүлдіршіндерді ертегіге толы мейрамда аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжаханұлы мен аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ержан Көрікбайұлы құттықтап игі шараның барша ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Мерекелік бағдарлама барысында әнде айтылып, биде биленді. Келер жылдың жағымды жаңалығының бірі оңалту орталығына демеушілер есебінен ипотерапия курсы ашылуы болмақ.
Әр бүлдіршінге бақытты балалық шақ, жаңа жылда әр отбасыға табыс пен молшылық тілейміз!

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Comments (0)
Add Comment