БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, тиісті мектеп қызметкерлері және мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде аудандық полиция бөлімінің 2024 жыл ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар мен аудандық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы тыңдалды. Сонымен қатар, білім бөлімі мен мектеп директорының қосымша мәселелері қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы тиісті мекеме, бөлім басшыларына күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты хаттамалық тапсырмалардың орындалуын жүктеді.
Comments (0)
Add Comment