Бақыт Сұлтанов Астана қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың туиттердегі ресми парақшасы хабарлады.
«Мемлекет басшысы жаолығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласы әкімі болып тағайындалды» делінген хабарламада.
Бақыт Тұрлыханұлы бүгінге дейін ҚР Қаржы министрі болып қызмет атқарған болатын. Ал, Астана қаласы әкімі лауазымында Әсет Исекешев болған еді. Кеше Елбасы жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Айта кетсек, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.
1994–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997–1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999–2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.
2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2007–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары — ҚР Қаржы министрі болып тағайындалған болатын.
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.