Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді

Бүгін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерінің мемлекеттік шекараға оқ атқаны туралы хабарлады деп жазады turkystan.kz

«Бейсенбі күнгі кештен бастап, қыркүйектің 23-інің таңына дейін Армения қарулы күштерінің бөлімдері Товуз, Калбажар және Дашкасан облыстарының шекаралас аймақтарында  орналасқан Әзербайжан армиясының позицияларын атқылады. Атыс әртүрлі калибрлі қарудан жасалды», деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Еске салсақ, 13 қыркүйекке қараған түні Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс қайта басталған еді. Сол кезде Ереван оңтүстік-шығыс шекараны атқылағанын жариялап, ҰҚШҰ-ға жүгінген.

Comments (0)
Add Comment