Мойынқұм ауданы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020″ бағдарламасы аясында жұмыстар жанданып, жүргізілуде. Аудандағы бағдарлама аясында жүргізіліп отырған құрылыс жұмыстары барысымен аудан әкімі Мәден Мұсаев пен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұловпен бірге аралап, танысты.
Алдымен аудан басшысы М.Мұсаев Айдарлы ауылындағы жол жөндеу жұмыстарына ат басын бұрды. Жол жөндеу жұмыстарын мердігер «Жігер 2004» ЖШС жүргізіп отыр. Содан соң аудан әкімі Жамбыл, Мойынқұм ауылдарында болып бағдарлама аясындағы жасалынып жатқан жұмыстардың жүргізілуін көзбен көріп, мердігерлерге сапалы орындалуын айтып, тиісті тапсырыс берушілерге қадағалауды тапсырды.
Аудан бойынша «Жол картасы» бағдарламасына 52 жоба енгізілген, осы жобалардың 47 нысанының жеңімпаз анықталған. Атап айтар болсақ аудан әкімдігінің ТҮКШ бөлімі бойынша 22 нысанның жеңімпазы анықталса, білім бөлімі бойынша 20 нысанның барлығында мердігерлер анықталып жұмыстарын бастады. Ал денсаулық бөлімі бойынша 5 нысанның мердігері анықталып, жұмыстарын бастаған.
Көрсетілген 47 мердігерден 221 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 112 жұмыссызға жолдама берілген.