Әр аптаның сенбі күндері аудан орталығында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған.
Жәрмеңке аясында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған жауапты сала мамандары бағаның тұрақтылығын бақылау мақсатында әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізді.
Жәрмеңкеде үлкен сұранысына ие болған 500 кг ет пен шұжық, 300 кг, өнімдері, 4 тонна картоп, 1,3 тонна бақша және 2,5 тонна көкеніс дақылдары, 1,1 тонна жеміс (алма, жүзім, өрік, таңқурай, т.б.) пен бал өнімдері нарық бағасынан төмен ұсынылды.
Мұндай игі іс-шара арқылы азық-түлік тауар өнімдерін сатылымға шығаратын шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, аймақтың әлеуметтік – экономикалық әлеуетінің деңгейін көтеруде.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі