«Бабалар рухы жебесін» сөзіне қарсы келсеңіз: жазушы жазба жариялады

Жазушы, аудармашы, технократ Садық Шерімбек Facebook-тегі парақшасында «Бабалар рухы жебей жүрсін», «Қыдыр да болсын жолдасың» баталы сөздеріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Егер сіз қазақ бола тұра, аталар батасындағы «Бабалар рухы жебей жүрсін», «Қыдыр да болсын жолдасың» т.б. қатарларды естігенде «осы қалай өзі негізі» деген сияқты титімдей болсын күмән көкейіңізден өте шықса, біліңіз: Сіз де бәріміз сияқты 2005-2015 жылдар арасындағы шетелден миллиардтап қаржы бөлініп арнайы ұлтымыз болмысына қастандықпен жасалған жаппай сәләфилік-уахабилік контент құрбаны болғандардың бірісіз, бауырым! – деп жазды ол.

Садық Шерімбек сондай-ақ жазбадан соң 2016 жылы 11 маусымда жазылған постын бөлісті.

https://turkystan.kz/article/223475-babalar-ruhy-zhebesin-sozine-karsy-kelseniz-zhazushy-zhazba-zhariyalady/

Comments (0)
Add Comment