Фото: korgau.astana Facebook-парақшасы
«Қорғау» дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль жәбірленушінің жағдайы туралы айтты.
«Қазір Карина Мамаш әпкесі мен балаларымен еліне оралды. Әуежайдан оны жақын достары қарсы алды, бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына келді. Қазіргі уақытта олар дағдарыс орталығында, әйел мұнда психолог пен заңгердің көмегін алады», – деп жазды Рыль.
Еске салсақ, БАӘ-де елшінің кеңесшісінің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді. Содан кейін ол балаларымен елге қайтарылды.https://stan.kz/baa-elshiligindegi-diplomat-kuyeuinen-korlik-kordim-deg-399924/