Бүгін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Жамбылдың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жамбыл атындағы Руханият орталығында өткен басқосуға аға буын ақын-жазушылар, журналистермен қатар шығармашыл жастар да қатысты.
Жиында Б. Уәли кездесудің басты мақсаты аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқыға салып, ой білдіру, алдағы мақсаттарымызды айқындау және осы бағытта бірге әрекет ету екенін айтып өтті.
Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.