Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, жер кезегі, аулаларды абаттандыру, жолдарды асфальттау және балалар ойын алаңын салу туралы мәселе қозғады. Сонымен қатар, шағын аудандардағы арық жүйесін тазалау, үй арасындағы жолды жөндеу, көпқабатты үй ауласындағы қураған талдарды кесу мен қоқысты уақытылы шығару жөнінде ұсыныс-талаптарын жеткізді.