Жамбыл облысында Мемлеккеттік Рәміздер күніне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні Тараз қаласындағы бірқатар мекемелер мен тұрғын үйлердің терезелеріне Мемлекеттік ту іліп, құрмет көрсетті. Бұдан соң мерекелік вело және автошеру қала көшелерін жүріп өтті.
Форумда облыстың тумасы, Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші, Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл толып отырғандығы айрықша аталып, тұлға рухына құрмет көрсетілді.