ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылғы қарашаның 23-індегі Қаулысымен Қазақстанның Мемлекеттік автоинспекциясы туралы бірінші ереже бекітілді. Ал 1996 жылы қаңтардың 3-інде Мемлекеттік автоинспекцияның атауы Жол полициясы болып ауыстырылып, олардың қызметтеріндегі басымдықтар да өзгертілді. Қазіргі жол полицейлерінің бірінші кезектегі міндеті — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, азаматтарды жолдардағы қылмыстық әрекеттерден қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі жол инспекторлары тек жол қозғалысы ережесін ғана емес, заңнамаларды, психология негіздерін, заманауи техникаларды және тағы да басқа көптеген жәйттерді егжей-тегжейлі білуге міндетті.