Елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК мамандары ел аумағында 2024 жылғы 3 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Дерекке қарағанда, Скандинавия түбегі аудандарынандағы циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
— Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде республиканың шығысында қатты қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, боран мен жел күшейеді, — деп жазды синоптиктер.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.
фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
https://turkystan.kz/article/254058-bugin-el-aumagynda-tuman-tusip-zhel-kusheiedi