Бүгін әлем чемпионатында ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 12 боксшы қатысуда

Бүгін, 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өтеді.

Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға алғаш болып 50 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова шығады. Ол 1/16 финалда кениялық Нзивамен кездеседі. Ал 1/8 финалда Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтин Сотимбаевамен жұдырықтасады.

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 12 боксшы қатысуда. Чемпионаттың іріктеу кезеңі 9-13 наурыз аралығында өтсе, жартылай финал 14 наурызға жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 16 наурызда өтеді.

https://turkystan.kz/article/256962-bugin-lem-chempionatynda-el-ku-ramasynan-kimder-synga-tusedi

Comments (0)
Add Comment