Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

 Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 28 сәуір, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

https://turkystan.kz/article/242707-b-gin-sh-alada-aua-sapasy-nasharlaydy

Comments (0)
Add Comment