Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.
«Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті», — деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.
«Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі»,- дейді спортшы қыз.
Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
https://stan.kz/aziya-oyindari-2023-kazakstan-korzhinina-10-shi-altin-m-389354/