Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының капитаны, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Маржон Пианьярмен шеберлік байқасты.

Бірінші раунд боксшылар бір-бірімен барынша тіресіп баққанымен, Асланбектің басымдылығы байқалды. Ал екінші раундта қазақстандық боксшы әуелі М.Пианьярды нокдаунға жіберді. Содан кейін тағы бір соққымен сұлатып түсірді.

Бүгін сондай-ақ аса жеңіл салмақта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын, Сәкен Бибосыновтың бастапқы кездесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының ¼ финалына өтті.

Азия чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшының рингке шығатыны хабарланды.

Бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды.

Comments (0)
Add Comment