Жамбыл облысында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды марапаттау іс-шаралары өтті.
Бұл күні өңіріміздің әлеуметтік саласына үлес қосып, қоғамдық бастамаларды ілгерілетуге белсенді атсалысқан ұйымдар мен мамандардың еңбегі арнайы бағаланды.
Алдымен “Тараз – азаматтық орталық” жобасы аясындағы “2025 жылғы белсенді ҮЕҰ” конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың мақсаты — өңірдегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру, озық тәжірибелерді қолдау және қоғам өміріне серпін беріп жүрген ҮЕҰ жұмысына құрмет көрсету. Жеңімпаз ұйымдар биылғы жылы атқарған әлеуметтік-маңызды бастамалары үшін арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Сонымен бірге “Жамбыл облысының үздік әлеуметтік жобалары” конкурсының нәтижелері жарияланып, қоғамға нақты пайда әкелген, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырған ұйымдар марапатталды.
Бұл байқау өңірдегі әлеуметтік идеяларды анықтауға, тиімді жобаларды қолдауға және олардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы іс-шарамен бірге азаматтық қоғамды дамытуға, қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосқан мамандарға сыйлықақылар табысталды.
Бұл — азаматтық сектордың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қолдау.
Іс-шара Жамбыл облысының азаматтық секторын жандандыру, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін көтеру және әлеуметтік бастамаларды қолдауды жалғастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа жобалар мен бастамаларыңыз сәтті жүзеге аса берсін. Облысымыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бағалы, ал алдағы жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары