Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Сарысу ауданы бойынша әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды әскерге шақыру, алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов әскерге шақырушылармен кездесіп, сұхбаттасып, дербес әңгіме өткізді.
Әскерге бару, Отанды қорғау дені сау әрбір азаматтың борышы әрі міндеті екендігін айтып, әрбір шақырушылардың жағдайы, әскерге бару мүмкіндігімен танысты.
Әскерден жалтарудың жауапкершілікке әкеліп соғатындығын түсіндірді.
Айта кету керек, Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру жұмыстарын сапалы өткізу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде.