Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету – басты орында

Еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтары танылады және кепілдік беріледі, оларды қорғау үшін жеткілікті сенімді тетік көзделген. Соттың қорғауы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 2 бөлігі әркімге өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығына кепілдік береді. Бұл сот билігінің азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға, Республикамыздың Конституциясын, заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Конституцияда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын кепілді мемлекеттік қорғауды көтеріп, Қазақстан Республикасы өзіне мемлекеттік билік органдарының күшімен осы құқықтарды және бостандықтарды қорғау міндетін қабылдады.

Адамның және азаматтың сот арқылы қорғалу құқығы туралы конституциялық ереже сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңнамамен белгіленген басқа да нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық процесте бұл қағидат сотты ұйымдастыруға және қызметіне қатысты бірқатар ережелермен, сондай-ақ айыпталушыны кінәлі деп тану құқығын сотқа ғана берумен көрсетіледі және кепілдік беріледі. Мемлекет жәбірленушілерге қылмыстан немесе қабілетсіздінің қылмыстық заңнамамен тыйым салынған әрекетінен сот төрелігіне мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл, жәбірленушінің сотқа жүгінуі қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілгендерден басқа, қандайда бір жағдайлармен байланысты болмауы тиіс екенін білдіреді. Жәбірленушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға, егер бұл бұйрық оның өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіндігінен айырса сотқа шағым жасауға құқығы бар. Жәбірленуші іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу кезінде қылмыстық істі негізсіз тоқтатуға сотқа шағымдануға құқылы, себебі мұндай шешім оның сот арқылы қорғалу және келтірілген зиянның өтемін төлету конституциялық құқығын бұзады.

Заң азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау арқылы жәбірленушіге қылмыстан немесе қабілетсіздінің қылмыстық заңнамамен тыйым салынған әрекетінен келтірілген моральдық және мүліктік зиянның өтемін төлетуді де көздейді. Прокурор қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында азаматтардың кепілді құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді. Қылмыстың мән-жайын мұқият зерделеу және мінсіз білу мақсатында, қылмыстық істі сотқа дейінгі талқылаудың ерте сатыларында мемлекеттік айыптаушы күні бұрын тағайындалады, қылмыстық істі сотқа жолдағаннан кейін одан әрі прокурордың білікті қатысуы азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға, тараптардың жарыстастығы қағидатын тиісінше іске асыруға кепілдік болады.

Өз кезегінде, соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау прокуратура органдары қызметінің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын барынша қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Және егер адамның және азаматтың сот арқылы қорғалу конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының қызметі туралы айтатын болсақ, азаматтардың конституциялық құқықтарын жеткілікті құқықтық реттелуіне қарамастан қылмыстық процесте олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде прокуратура, ал тікелей қылмыстық істерді соттармен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы ерекше орын алатынын атап өту қажет.

Соттармен қаралатын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу туралы қылмыстық істерге тоқталатын болсақ, дәлелдерді ұсынуда және зерттеуде мемлекеттік айыптаушылардың белсенділігі және іс жүргізу шеберлігі, жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуде шешуші фактор болатынын тану қажет.

Досжан Толенбеков Жамбыл аудандық сотының төрағасы

Comments (0)
Add Comment