Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, құрылыс және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Қайрат Тілеубайұлы әр мәселенің тиісті заңнамаға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сарысу ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment