Айжан Байзақова мәһірге не сұрағанын айтты

Жақында блогер Айжан Байзақова екінші рет тұрмысқа шықты. Блогер өзінен бірнеше жас үлкен ер азаматпен некесін мешітте қиған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Бір қызығы, Байзақова күйеуінен мәһірге еш нәрсе сұрамапты. Өйткені дәл қазір оның қалауындағы дүниелердің бәрі өзінде бар екен.

Мешітте некемізді қидық. Бірақ күйеуімнен мәһірге еш нәрсе сұрамадым. Негізі өмірлік жолдасыңнан бір нәрсе сұраған өте қиын екен. Өйткені менде бәрі бар. Су жаңа көлік, соңғы үлгідегі iPhone, құндыз ішік, зергерлік бұйымдар — осының бәрі бар,

— деді Айжан Байзақова.

Айжан Байзақова мәһірге не сұрағанын айтты / instagram.com/bayzakova

Атышулы блогер имамға мәһірге не алғысы келетінін ойлап тапқан кезде отағасына жеке айтатынын жеткізіпті.

Мәһір әйелдің неке қияр алдында күйеуінен талап ететін ақысы екенін айта кетейік.

Жақында блогер Айжан Байзақова екінші рет тұрмысқа шықты / instagram.com/bayzakova

Бұған дейін Экспресс К атышулы блогердің ұзатылғаны туралы жазған болатын. Ол күйеуін не үшін жасыратынын айтты.

Comments (0)
Add Comment