«Айтқан сөзіме жауап беремін»: Бақыт Тұрман өзін сынағандарды орнына қойды

Әлеуметтік желіден

https://turkystan.kz/article/272782-aitqan-sozime-zauap-beremin-baqyt-turman-ozin-synagandardy-ornyna-qoidy
«KEZDESU» бағдарламасына қатысқан Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның фильміне айтқан сыны төңірегіндегі дауға тоқталып, жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп жазады turkystan.kz.

Бағдарлама барысында ол өзін сынап жүргендерге жауап қатып, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін атап өтті.

«Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайрекке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді», — деді Бақыт Тұрман.

Сонымен қатар, әнші әр сөзінің жауапкершілігін өзі көтеретінін айтып, ешкімнің оны «қорғап» немесе оның орнына жауап беруінің қажет еместігін нақты жеткізді:

«Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», — деді ол.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272782-aitqan-sozime-zauap-beremin-baqyt-turman-ozin-synagandardy-ornyna-qoidy

Comments (0)
Add Comment