Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысын 2-ден 2,5 есеге дейін өсіру жоспарлануда. Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу нәтижесінде, 2 380 мемлекеттік қызметшінің жалақысы өседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге арналған облыс активімен өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.
Сонымен қатар, баяндамасы барысында Асқар Исабекұлы Жолдаудың негізгі алты бағыты аясында аймақта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.