Бүгін Сыр еліне өңіраралық әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді байланыстар орнату мақсатында келдік.
Бізді облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қабылдады. Кездесуде тараптар әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқыланды.
Сапар аясында делегация өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалармен таныстық. Ең алдымен жаңғыртудан өткен қаланың орталық алаңын аралап көрдік.
Тұрғындар көп жиналатын бұл орынға заманауи субұрқақтар орнатылып, көпжылдық жасыл желектер мен газондар егілген. Шағын архитектуралық формалар, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарықшамдар, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңы қойылған.
Әрі қарай жамбылдықтар қалалық демалыс саябағына барып, «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Жақында ашылған өндіріс орнына мемлекеттік қолдау ретінде 7 гектар жер телімі берілген. Зауыттың басты ерекшелігі – толық автоматтандырылған өндіріс процесі және экологиялық тиімділігі. Мұнда көмір қолданылмайды, яғни ауаныластамайды. Жылына 90 миллион дана кірпішөндіруге қауқарлы кәсіпорын толық қуатыменжұмыс істеген кезде 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Делегация мүшелері жаңа жылу-электр орталығының құрылысын, қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы мен Сырдария өзенінің жағалауын аралап көрді. Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырым жол толық жаңартылып, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолаққа кеңейтілген. Ені 14 метрге жеткен жаңа жол бойында балалар ойын алаңдары мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырылған.
Жамбылдық делегация Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 11 мың орындық стадионды, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатын да көрдік. Білім ордасы 400 оқушыға арналған, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда зертханалар, робототехника және STEAM кабинеттері бар, олар оқушыларға ғылыми және техникалық дағдыларды терең меңгеруге мүмкіндік береді.
default
Сондай-ақ, физика, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
Қонақтарға жаңа автовокзал, тарихи-өлкетану музейі, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», “Қорқыт ата” әуежайы, Президент саябағы,арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, онкология,еңбек мобильділігі орталықтары, бірқатар емдеу мекемесінің жұмыс барысы да таныстырылды.
Сапар аясында екі өңірдің сала мамандары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, отбасы институтын нығайту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиында әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, осал топтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және еңбек нарығындағы тиімді тәжірибелерді бөлісу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысымен екі тарап алдағы уақытта да өзара тығыз байланыс орнатып, нәтижелі жұмыстар жүргізуге ниетті екенін білдірді.
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары