АЭС-тің көптеген артықшылығы бар – мамандар

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум қарсаңында Республикалық халықтық штабтың мүшесі, Мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашинов және өңірлік халықтық штаб мүшелері Таврия ауылындағы жиһаз жасаумен айналысатын «Кучерин» ЖК және «Өскемен құс фабрикасы» АҚ  еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Лұқбек Тұмашинов өз сөзінде Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталды. Қазір Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Сол себепті елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет, деп атап өтті. Кездесуге қатысушыларды 6 — қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Штаб мүшелері қауіпсіздік мәселері бойынша тоқталып, қазіргі АЭС-тердің сыртқы қабаты табиғи апаттарға, техногендік және антропогендік (жарылыстар, ұшақ апаттары және т.б.) әсерлерге төтеп бере алады деп атап өтті. Қазіргі станцияларда ыдыраған өнімдердің сыртқа шығуына жол бермейтін күмбез қолданылады. Аталған күмбез радиоактивті заттардың бөлінуіне жол бермейді. Бір сөзбен айтқанда радиоактивті заттардың бөліну ықтималдығы нөлге дейін төмендетілген. Бұл станцияларда ІІІ және III+ буынды реакторлар қолданылады.

АЭС-тің өзге энергия көздерімен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар. Ол жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруін алдын алуға мүмкіндік береді және күн, жел сияқты ЖЭК-мен салыстырғанда АЭС-ті орналастыруға көп аумақты қажет етпейді.

https://turkystan.kz/article/249672-aes-tin-koptegen-artykshylygy-bar-mamandar

Comments (0)
Add Comment