Штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңызы мен артықшылықтарын жеткізу.
Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы, Республикалық студенттік омбудсмені Ұлан Наукен елімізде АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты өз пікірін ортаға салды.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді. Осы орайда қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңызы мен артықшылықтарын жеткізу.
Қазір біздің ұйым тарапынан жоғарғы оқу орындарында, колледждерде түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Студенттерге АЭС-тің пайдасы туралы интеллектуалды, дебаттық турнирлер, әртүрлі лекциялар өткізетін арнайы спикерларды шақыртып, кездесу ұйымдастырып жатырмыз.
Референдумға 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты мекен-жайы немесе оқып жатқан қаласында дауыс беруге құқығы бар.
Жалпы АЭС елімізде пайдасы тиетін инфрқұрылым болады деп санаймын. Сондықтан Қазақстан азаматтарын тура бір айдан кейін өтетін маңызды іс-шарада өз таңдауын жасап, белсенді болуға шақырамын», – деді Ұ.Наукен.https://turkystan.kz/article/248340-aes-elimizge-paidasy-tietin-infraku-rylym-bolmak-ulan-nauken