Әйелдер 14 миллион теңге тұратын алтынды ұрлап, жұтып қойған

Фото: pixabay.com

Діни мереке кезінде төрт әйел мен екі баладан тұратын ұрылар тобы халықпен араласып, ғибадатханаға келушілердің мойнындағы алтын шынжырлар мен алқаларды жұлып алған. Әйелдер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, ал балалар қашып үлгерген.


Үндістанда діни шараға қатысқан 100-ден аса адам қаза тапты


Полицейлер ұрланған әшекей бұйымдарды әйелдердің үстінен таппай, оны жұтып қойған деп күдіктенген. Рентген сараптамасы бұл болжамды растады, жоғалған алтын тұтқындардың асқазанын табылды. Алтын бұйымдардың жалпы құны 2,5 миллион рупийге (14 млн теңге) бағаланды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда инкассатордың банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзін атып өлтіргені туралы жазған едік.

https://stan.kz/ayelder-14-million-tenge-tyratin-altindi-yrlap-zhytip-k-403536/

Comments (0)
Add Comment