Аталған спартакиаданың басты мақсаты мемлекеттік әйел қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік әйел қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, достық қарым-қатынас орнату және 8- наурыз халықаралық әйелдеркүні мерекесін спорт арқылы атап өту болып табылады. Жарысқа облыс, Тараз қаласы мен аудандардағы мемлекеттік органдардың әйел қызметкерлері арасынан жасақталған 15 команда барлығы 217 қызметші қатысты. Спартакиада 8 спорт түрінен өтті : үстел теннисі, жеңіл атлетика, дартс, секірмек, жүзу, дойбы, армрестлинг және бес асық. Жалпы командалық есепте І орын – Байзақ ауданы, ІІ орын- Шу ауданы, ІІІ орын- ҚР ҚМ ҚК Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті иеленді. Орын алған командалар кубок, медальдар және дипломдармен марапатталды.
Jambyl Sport