Айдағы алғашқы қонақүй 2032 жылға қарай ашылмақ: 14 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ғарыш туризмі жаңа кезеңге қадам баспақ. Жоспарға сәйкес, Ай бетіндегі алғашқы туристік қонақүй 2032 жылы алғашқы қонақтарын қабылдайды. Алғашқы сапарлардың құны – бір адамға шамамен 416 мың доллар. Жоба авторлары уақыт өте келе бағаны айтарлықтай төмендетіп, 6,5 млн теңгеге дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz gru.space-ке сілтеме жасап.
Айдағы «курортқа» жету үшін туристерге шамамен 384 мың шақырым жол жүруге тура келеді. Ұшу уақыты – бір бағытта орта есеппен үш тәулік. Сапар SpaceX немесе Blue Origin компанияларының ғарыш кемелерімен жүзеге асырылмақ.
Туристер 2-4 адамға арналған үрлемелі тұрғын модульдерде тұрады. Жобаны әзірлеушілер технология дамып, ұшыру саны артқан сайын Айға сапар тек таңдаулылар үшін емес, болашақта премиум демалыстың жаңа бағытына айналады деп үміттенеді.
Қазірше бұл идея қиял-ғажайыпқа ұқсайды. Алайда жеке ғарыш индустриясының қарқынды дамуы Айдағы демалысты уақыт мәселесіне айналдырып отыр.