АЯУЛЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Балаби Туменбаев ардақты ұстаз, аяулы тұлға Күлімхан Садығұлованы қабылдап, адам өмірінің асқаралы биігі 60-жасқа толған туған күнімен құттықтады.
Салиқалы ой мен білімін, саналы ғұмырын ауданның дамуына, өсіп-өркендеуіне арнаған жан. «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде төрдегі орын ұстаздыкі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы, білім парасатымен, қадір-қасиетімен елге үлгі, шәкірт санасына шамшырақ бола білген ардақты жандардың бірі Күлімхан Мұхатайқызы өзіндік қолтаңбасымен, бітім-болмысымен ерекшеленеді.
Қабылдауда мерейтой иесі үлкенге лайық құрмет көрсеткен бөлім басшысына алғысын білдірді.

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Comments (0)
Add Comment