Автожолдарда «жасырын» патрульдеу енгізілді

Сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонында автоматты камералар орнатылды.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қала сыртындағы жолдарды қамту мақсатында «жасырын» патрульдеу енгізілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Елді мекендердің ішінде осы тектес камералар автобустардың салондарында және жедел жәрдем көліктеріне де орнату жоспарланып отыр. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ол қазір мұндай көліктің 300-ге жуық бірлігі бар екенін атап өтті.

«Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталды. Қазіргі уақытта жасырын патрульдеу режимінде полицияның 11 автокөлігі жұмыс істейді, жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз»,- деді ол.

https://aqshamnews.kz/kz/article/avtojoldarda-jasyryn-patruldeu-engizildi.html?utm_source=smi24

Сурет: Inform.kz

Comments (0)
Add Comment