Оның атап өтуінше, жол қауіпсіздігі саласында цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 19 мың жүргізші әкімшілік қамауға алынып, 22 адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
— Осыған қарамастан жолдардағы жағдай күрделі. Апаттың бірнеше себебі бар. Жүргізушілердің дайындық деңгейі төмен. Олар жылдамдықты асырып, басып озу кезінде тәуекелге барады. Рульде ұйықтап кетеді, — деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.
Министрдің атап айтуынша, 2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ.
— Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы өздігінен дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібі бойынша түзетулер енгіземіз, — деді ол.