Әзербайжандық Самир Фарзалибеков «Аватар» фильмінің «Су жолы» деп аталатын екінші бөліміне қатысып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Самир Фарзалибеков әлемдегі ең үлкен компаниялардың бірі – Weta FX-те кино мен телеарнаға арнаға арналған визуалды эффект өндірумен айналысады. Ол қазір Жаңа Зеландияда тұрады.
Фарзалибеков – «Аватар: Су жолы» фильмінде жарықты қою техникасы жағынан директор.
Айта кету керек, аталған фильм 2022 жылдың 16 желтоқсанында әлем көрермендеріне жол тартады.