Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді.
Соның бірі – елді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі. Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесін шешу бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатыр.
Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты.
Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы.
Күреңбел ауылдық округіне қарасты Қаратас ауылына бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.