АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН АҢҒАР

Тазалық мәдениетін сақтау әрбір азаматтың парызы. Бүгінде бұл қағиданы Жалпақтөбе ауылының тұрғындары қатаң сақтайды. Ауылға ене бергеннен бастап, аулалар түрлі түсті гүлдермен жайқалып тұрады. Көше тазалығы да сақталған. Бұл ауыл мәдениетінің ашық көрінісі. Жалпы ауылда жиі сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыс тиісті орынға шығарылып отырады.
Ауыл әкімі Ержан Данаев тазалық жұмыстарын өзі бастап барып, ауыл ажарын ашуға тұрғындармен бірге жұмылуда.
– Ауылын көріп, азаматы қандай екенін аңғаратын елміз. Тазалыққа ауыл азаматтары дағдыланған. Әр тұрғын өз ауласынан тазалықты бастағаны бүткіл ауылдың көркін кіргізіп отыр. Жергілікті әкімдік пен мекемелер тарапымен күзгі тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеміз. Жол бойындағы қураған ағаштар алынып, күл-қоқыстан тазартылып тұрады. Бұл жұмыстар ұдайы жалғаса береді,- дейді ауыл әкімі өз сөзінде.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment