Ауылшаруашылығы санағы – бұл елдегі ауылшаруашылық саласының жағдайын, өндіріс көлемін, ресурстарын және құрылымын жан-жақты зерделейтін ауқымды статистикалық зерттеу.
Бұл санақ ауыл шаруашылығына қатысты нақты ақпарат жинауға, мемлекетке тиімді аграрлық саясат жүргізуге, ауыл еңбеккерлерін қолдауға тағы сол секілді жағдаяттарды орындауға негіз болады.
Негізгі санақ кезеңдері басталғанға дейін 2025 жылғы 1 — 30 маусым аралығында Жаңатас қаласында жеке қосалқы шаруашылықтарын алдын ала аралау жұмыстары басталды. Аралау жұмыстары барысында тұрғындарға науқанның маңыздылығы түсіндірілді.