Бағаны тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жүйелі ұйымдастырып тұруымыз қажет.
Бүгін Тараз қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 170 тоннаға жуық өнім ұсынылды.
50-ден аса сөреге қойылған тауарлардың ішінде ет, сүт өнімдері мен шұжық өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері нарық бағасынан төмен бағамен саудалануда.