АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тамды ауылының тұрғындарымен «Ономастиканың өзекті мәселесі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы А.Исқалиева ономастика жұмысының критерийлерін, атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдерін басшылыққа алынатындығын түсіндірді. Тұрғындар П.Ақмағанбет, Ә.Жұмағұлова, А.Айдаралиева, Г.Тасынова тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Comments (0)
Add Comment