Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту

«Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Қалада туып, өмір бойы қалада тұрған қазақтың да тамыры – ауылда. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі де ауылда сақталған. Жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтауымыз керек.
Бүгінде ел экономикасын дамыту үшін ивестицияны әсіресе ауылшаруашылығы саласына тарту басты мақсат болып тұр»-деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде айтылды.
Бүгін ауданға инвестор тарту мәселесі бойынша Қордай ауданынан Дауров Хусейн келіп, Мойынқұм ауданының әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлының қатысуымен жиын өтті.
Жиынға «УКСИКУС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Қанат Жандос, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық салық баскармасының басшысы, аудандық жер, кәсіпкерлік бөлімдерінен басшылар мен мамандар қатысты.
Жиында ауыл шаруашылығы саласы бойынша егістік алқаптарға ивестиция тарту және 1500-2000 гектар игеру бойынша мәселелер ортаға салынды.

Ержан Амирханов,

Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары

Comments (0)
Add Comment