АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 9,1% ЖАҢАРДЫ

Биыл облыста 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 11%-ке жеткізу көзделген.
Ағымдағы жылдың 10 айында 1 117 дана ауыл шаруашылығы (124 комбайн, 212 трактор және 891 дана басқа да техникалар) техникалары алынып, нәтижесінде техникалардың орташа жаңару көрсеткіші 9,1% құрады.
Бүгінгі күні Мойынқұм ауданында жаңару көрсеткіші – 11,0% құрап, жоспар толық орындалса, Меркі ауданында – 10,7%, Т.Рысқұлов ауданында – 10,2%, Жамбыл ауданында – 10,0%, Байзақ пен Қордай аудандарында – 9,7% және Сарысу ауданында – 9,6% құрап отыр.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 457 өтінімге 1,6 млрд. теңге субсидия төленді.
Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

 

Comments (0)
Add Comment