Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.
Жәрмеңкеде жалпы құны 34,0 млн. теңгені құрайтын 52,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 10,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 4,2 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 1,6 тонна бал және 28,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.

Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment