АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ

«Бір халық — бір ел — бір заң» жобасы аясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ә.Бүркітбаев ауылында акустикалық кеш өтті.
Кешке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл өнерпаздарының шығармашылығын шыңдауда мұндай шаралардың маңызды екенін айтты. Акустикалық кешке сондай — ақ, аудандық құқық қорғау органдары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, этнос өкілдері мен ауыл тұрғындары да қатысып, тамашалады.
Әнмен әуелеген шарада өнерпаздар әннен шашу шашып, «ауылдың алты ауызын» шырқады. Ауыл бірлігінің көрінісі айқындалған кешке көрермендер қошемет білдірді.
Comments (0)
Add Comment