Осы орайда Ақсай ауылдық округінің орталығы Қайрат ауылындағы Б.Момышұлы саябағында спорттық алаңшада Қайрат және Көлбастау ауылының қариялары екі үш жылдан бері таңертеңгі сағат 6-7-лер шамасында күнделікті жүру, жүгіру, және дене жаттығуларын жасаумен тұрақты түрде айналысып келеді. Олардың басым көпшілігі кезінде ауыр дертпен ауырып, қан қысымы, қант диабеті, артық салмақтан жапа шеккен жандар. Олар қазір бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн деген шешім қабылдап, бүгінде дене шынықтырумен айналысуды күнделікті дағдыға айналдыруда.