«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Жаңаарық ауылдық округінде болып, ауылдың тыныс- тіршілігін көріп қайтты.
Сапар барысында ауылда жаңадан қолға алынып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының барысымен танысты.
Жоба аясында құрылған «Жаңаарық-2023» ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерімен, кәсібін дөңгелетуді көздеп,
несие алуға ниет білдірген тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдап, жобаның маңыздылығын түсіндірді.
Айта кету керек, Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын.
Жоба ауыл тұрмысын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.
Жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, қосалқы шаруашылықпен айналысатын болады.
Есік алдындағы жерлерін игеріп, ауладағы мал шаруашылығын дамытып және өзге де кәсіп түрлерімен айналысу тұрғындардың негізгі мақсатына айналмақ.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сарысу ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment