«Ауыл аманаты» аясында Жамбылда 5,1 млрд теңгеге 711 жоба қаржыландырылды

«Ауыл аманаты» аясында Жамбылда 5,1 млрд теңгеге 711 жоба қаржыландырылды
Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен жалпы құны 5,1 млрд теңгені құрайтын 711 жоба жеңілдетілген несиемен қаржыландырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жеке кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беру.
Несиеге ие болған жобалардың ішінде 240-ы мал шаруашылығын дамытуға бағытталса, 33 жоба жылыжай кешендерін салуға жұмсалды. Ал қалған 438 жоба ауыл тұрғындарының түрлі бизнес бастамаларын жүзеге асыруға қолдау ретінде берілді.
Comments (0)
Add Comment