Құмарық ауылдық округінің әкімі Б.Мансур Қаракемер ауылының тұрғындарына Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбековтің қатысуымен 2020 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп берді. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2020 жылы Болтай батыр орта мектебінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары, Құмарық ауылдық округіне жүргізіліп жатқан ауыз су жүйелері, Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы туралы баяндады. Ауыл тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға жауаптар толығымен берілді.
Сонымен қатар, Құлан ауылдық округіне қарасты Қарақат және Шөңгер ауылдарында ауыл әкімі Е.Сейтжапаров халық алдындағы есебінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша және 2021 жылға көзделген жұмыс жоспарын баяндады. Қарақат ауылының тұрғындары ауылға жаңа мектеп салу, балабақша ашу мәселесін және Шөңгер ауылы тұрғындары ауыз су және оқушылар тасымалы бойынша мәселелерді қозғады. Жалпы ауыл тұрғындары жиын соңында 2020 жылы атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деп баға берді.