АУРУХАНА МҮМКІНШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Рrimary health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп, Алматы декларациясының 44 жылдығына және МСАК бойынша Астана декларациясының 4 жылдығына арналған «алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» тақырыбында өткен Халықаралық Конгресске қатысушылар бейсенбі күні аудандық орталық емхананың атбасын бұрып, ақ халатты абзал жандармен жолықты. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері емхананың, үздік практикалық, «Ұшқын» жастар денсаулық орталықтарының, алғашқы медициналық көмек көрсету жұмысымен таныстырып өтті.

Халықаралық конгресінің құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының өкілдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және денсаулық сақтау басқармаларының, МСАК ұйымдарының, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің, республикалық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Сондай-ақ делегация ақ халатты абзал жандармен әңгімелесіп, өзара тәжрибе алмасты.

Жамбыл облысы бастапқы буын саласында озық тәжірибе мен жаңа медициналық-әлеуметтік технологияларды енгізу және тарату бойынша елімізде көшбасшы болып табылады. Ұлттық МСАК-тың ерекшелігі мен жетістігі адамға, отбасына және қоғамдастыққа кешенді, интеграцияланған қызметтер көрсету жөніндегі көпсалалы қызмет түрі болып табылады

Comments (0)
Add Comment