Байқадам ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру бағытында бүгінде білім саласында 5, мәдениет саласында 1 нысан, ветеринария саласында 1 кәсіпорын, 327 жеке кәсіпкер, 3 ЖШС, 24 шаруа қожалық тұрақты жұмыс жасайтын болады. Саяси ахуал тұрақты. Округте мал басында өсім бар. Егістік бағытында 334 га суармалы жер толығымен қамтылатын болады. Округте 4 бюджетке жоспарланған салықтар 13,1 млн 100 пайыз орындалады.
Жоспарға сәйкес ауыл ішіндегі тал – дарақтарды, қоғамдық орындарды суландыру мақсатында «Күлтөбе» каналы (ұзындығы 2,5 км) ауыл тұрғындарының көмегімен тазаланып, қазылды. Осы канал арқылы су әкелініп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ескерткіші, «Ақбота» бөбекжай бақшасы және орталық көшелерге су жеткізілді.
Әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, барлық мекемелердің ауласы, көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Белгіленбеген орындарға қоқыс және құрылыс материалдарының қалдықтарын төккен азаматтарға ескертулер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
Жиналған қоқыстар МТЗ-80 тракорымен арнайы орындарға шығарылды. Көтемгі тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 1 134,0 млн теңге қаржы бөлінді. Көріктендіру жұмыстарына сәндік талдар, жеміс ағаштары және қара талдар алынды. Оларды мемлекеттік мекемлердің ауласына, орталық саябақтарға отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
«Жомарт жүрек» жобасы аясында Саудакент ауының жастары Майлыбай мешітінің жанынан діни рәсімдер өткізуге арналған ауыз ашар, ас беру шараларын жүргізу үшін тамақтану орнынның құрлысы басталды. Жалпы жоба құны 7 млн теңгені құрайды.
2023 жылға атқарылатын жұмыстар
Биылғы жылға ауылымызға М.Маметова қиылыс көшесіне жарық орнату жұмысын жүргізілетін болады.Бұл жұмысқа 4,3 млн теңге қаржы бөлініп отыр.
Ұ.Сыздықбайұлы көшесіне кіші футбол аланшасын орнату жұмыстыры жүргізілетін болады.Кіші футбол аланың салуға биылғы жылға 16,2 млн теңге қаражат қарастырылған.
Сонымен қатар Абдиров көшесі бойындағы мүрденің қоршау жұмыс жүргізілетін болады. Бұл жұмысқа 18,9 млн теңге бөлініп отыр.
Биылғы жылға ауылымызда жөңделмей тұрған Сармолдаев, Абылайхан және Ш.Уалиханов көшелерінің жолдарын жөндеуге қаржы қаралып Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылуда.
М.ӨКСІКБАЕВ, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округ әкімі